«№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ
  • Рус
  • Қаз
  • Мы в FacebookМы в Facebook
    +7 (7262) 46-44-12 uodkz@mail.ru
    • Басты бет
    • Біз туралы
      • Басшы блогы
    • Мемлекеттік сатып алу
      • Жылдық жоспар
      • Ашық тендер арқылы
    • Мемлекеттік рәміздер
      • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
      • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы
      • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
      • Президенті жолдауы
    • Байланыс
    Сеңім телефоны:
    46-44-12
    1. Главная

    3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні

    «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы»  КММ–нің тәрбиеленуші балалары 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне арналған игі бастама ретінде  «Mynbala» ойын-сауық орталығына арнайы экскурсия жасады. Шараның мақсаты – балалардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау, олардың көңіл күйін көтеру және қоғамда инклюзивтік көзқарасты қалыптастыру.

    Балаларға арналған орталықта түрлі ойын алаңдары, кедергілер жолы, батуттар, логикалық ойындар мен дамытушы аймақтар ұйымдастырылған. Тәрбиеленушілер еркін ойнап, қуанышты сәттерге толы уақыт өткізді. Орталық қызметкерлері балалармен бірге болып, олардың белсенді қатысуына және қауіпсіздігіне ерекше назар аударды.

    Бұл іс-шара тәрбиеленушілерге жаңа эмоциялар сыйлап қана қоймай, олардың әлеуметтік ортада өздерін еркін сезінуіне, қарым-қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік берді.

    Халықаралық мүгедектер күні – қоғамды адамгершілікке, қолдауға, барлық балаға тең мүмкіндік жасауға шақыратын маңызды күн. Орталығымыз алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды жалғастырып, балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасауды көздейді.

     

     

    Сеңім телефоны:
    46-44-12
    Отзывы

    © 2018  «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ

    Яндекс.Метрика