«Ата заңым — айбыным!»




Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
«№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
«Ата заңым — айбыным!» Конституция күніне орай өткізілген мерекелік ертеңгілік.
№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заңым – айбыным» атты мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Конституция күні
Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің негізгі заңы, мемлекеттің тәуелсіздігін, тұтастығын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін басты құжат. Конституция 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда қабылданды.
Содан бері бұл күн – еліміздегі ең маңызды мерекелердің бірі болып саналады. Конституция – қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығының кепілі, әрбір қазақстандықтың құқықтары мен бостандықтарының қорғаны.
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні – азаматтардың Ата заңға деген құрметін арттырып, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайтатын ерекше күн.
Шара барысында қызмет алушыларға Конституцияның маңызы мен мемлекетіміздің негізгі заңына құрмет көрсету жайында түсіндіріліп, бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ, патриоттық әндер шырқалып, тақпақтар оқылып, еліміздің рәміздеріне деген сүйіспеншілік танытылды.
Ертеңгіліктің басты мақсаты – Отанға деген құрмет сезімін қалыптастыру, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және Ата заңымыздың құндылығын дәріптеу болды.
Іс-шара соңында қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен еліміздің тәуелсіздігі мен бейбіт өміріне алғыстарын білдірді.











