«Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің!»
Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.
2024 жылы 1 маусым күні Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ-де, Балаларды қорғау күніне орай «Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің!» атты ертеңгілік өтті. Қызметкерлер мен қызмет алушы балалар ән шырқап, би биледі. Сонымен қатар балаларды мерекелерімен «Халық банк» АҚ басшылығы, «Нұр банк» АҚ басшылығы, «Тараз» қалалық мүгедек қоғамы, «№ 1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ-нің, «№ 2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ-нің қызметкерлері, «Доброе сердце» еріктілер тобы құттықтап, сыйлықтарын табыстады.