«№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ
  • Рус
  • Қаз
  • Мы в FacebookМы в Facebook
    +7 (7262) 46-44-12 uodkz@mail.ru
    • Басты бет
    • Біз туралы
      • Басшы блогы
    • Мемлекеттік сатып алу
      • Жылдық жоспар
      • Ашық тендер арқылы
    • Мемлекеттік рәміздер
      • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
      • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы
      • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
      • Президенті жолдауы
    • Байланыс
    Сеңім телефоны:
    46-44-12
    1. Главная

    «Бақытты бала — бақытты ел!» мерекелік іс-шара.

     

    1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ -нің қызмет алушылары  үшін «Бақытты бала — бақытты ел!» атты

    ерекше мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн – балалардың шаттыққа бөленетін, мейірім мен қамқорлыққа кенелетін ең қуанышты сәттерінің бірі.

    Іс-шараның мақсаты – әлеуметтік орталықтағы қызмет алушыларға  қуаныш сыйлап, олардың қоғамдағы орны мен құқығына назар аударту, сондай-ақ шығармашылығын қолдау. Балаларға арналған түрлі ойын-сауық бағдарламалар, ән мен биден көріністер, қызықты байқаулар мен концерттік номерлер ертеңгілігіміздің  шырайын кіргізді.

    Балалар өз өнерлерін паш етіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Күлкі мен көтеріңкі көңіл күйге толы шарада кішкентай бүлдіршіндер еркін ойнап, достарымен жарысып, қуанышқа кенелді. Әр баланың жүзіндегі күлкі – ең үлкен жетістік.

    Мерекелік күнге арнайы қонақтар мен демеушілер де шақырылып, балаларға тәттілер, ойыншықтар мен қажетті заттар табысталды. NURBANK Филиал директордың орынбасары Алуашова Ж.О. «Тараз» қалалық мүгедек қоғамы төрайымы А.Б.Тулепбергенова. «Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығы»КММ-нің директоры  Қожамкулова И.Е. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ филиалының директордың орынбасары Ж.Т. Калдыбекұлы. Демеушілерімізге үлкен алғыс білдіреміз. Бұл – бала жүрегіне жылулық сыйлаған шынайы қамқорлықтың белгісі.

    Орталық қызметкерлері мен тәрбиешілер балалардың жан-жақты дамуына үлес қосып, олардың жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етіп келеді. Балаларға қолдау көрсетіп, оларға сенім ұялатып, махаббатпен қарай білу – үлкен жауапкершілік пен адамгершіліктің көрінісі.

    Бала күлкісі – әлемдегі ең әсем әуен. Сол әуен ешқашан басылмасын!

     

    Сеңім телефоны:
    46-44-12
    Отзывы

    © 2018  «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ

    Яндекс.Метрика