Бысшы блогы
Кожамкулова Индира Ермекбаевна — Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ-нің директоры, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында 1973 жылы 8 маусымда туылған.
1994 жылы Алматы ауыл шаруашылығы институтының экономист мамандығын бітірген.
Еңбек өтілін 1998 жылы «Жамбыл нан компаниясы» МКК-да хатшылықтан бастаған.
2005-2006 жылдары — Жамбыл облысы санэпидсараптама орталығында зертханашы;
2006-2008 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттіксанэпидбақылау Департаментінің Тараз қаласы бойынша аумақтық басқармасының маманы;
2008-2010 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігінің мемсанэпидбақылау басқармасының материалдық-техникалық қамсыздандыру бөлімінің бас маманы;
2010 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалған;
2011 жылдан — қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ-нің директоры қызметін атқарады.
[qa]