«Отбасы – өмір аясы»
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман – саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасындағы шаңырақтың керегесі кең,мықты болуын, ойлаған ата-аналарымыз аман болсын! Әрбір отбасында қайғы – қасірет, дерт болмасын! Ананың жүрегінен жылулық әрбір баланың жүзінен күлкі кетпесін!
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныңи «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы»КММ – де 2024 жылдың 15 мамыр – Отбасы күніне орай «Отбасы – өмір аясы» атты спорттық жарыс өткізілді. Қызмет алушы балалар мен қызметкерлер екі отбасылық командаға бөлініп, түрлі спорттық ойындар ойнады. Жарыс соңында жеңімпаздарға сыйлықтар беріліп, мадақтама табысталды.