Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдар күніне арналған «Спортта барлығы тең» атты спартакиада!







Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ-нің қызмет алушы балалары 2025 жылдың 12 қазан күні Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Тараз Арена спорт кешенінде ерекше жандар арасында спорттық жарыс – спартакиада ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – мүгедектігі бар адамдарды салауатты өмір салтына баулу, бірлік пен достықты нығайту, өмірге деген құлшынысты арттыру болды.
Қатысушылар түрлі спорттық сайыстарда өз күштері мен ептіліктерін көрсетіп, көңілді әрі белсенді уақыт өткізді.
Орталығымыздың қызмет алушы балалары қол күрес пен дартс ойынына қатысып жүлделі орын иеленді.
Вейт Николай 1 -ші орын, Рябых Артем 2 -ші орын, Мадженхей Алия 2 — ші орын алды.
Балаларымыздың әр жарыста биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.











