«Қыздар, қыздар, сұлу қыздар»







«Қыздар, қыздар, сұлу қыздар» – көктем шуағына бөленген мерекелік кеш
«№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында Халықаралық әйелдер күніне орай әлеуметтік орталықта «Қыздар, қыздар, сұлу қыздар» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шараны мекеме басшысы Бибазарова Карлыгаш Джалгасовна ашып, барлық әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мерекелік кеш барысында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну орталықтың қызмет алушылары өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шара барысында орталықтың қызмет алушылары мен қызметкерлері бірлесіп, ән айтып, би билеп, жүрек жарды өлеңдерін шырқады. Әсем әуендер шырқалып, көркем көріністер қойылды. Қатысушылардың әрбір өнері көрермендер тарапынан зор ықыласпен қабылданып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсем әндер мен әсерлі қойылымдар кештің көркін қыздырып, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Осындай тағылымды іс-шаралар орталық өміріне серпін беріп, қызмет алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мол мүмкіндік береді. Шара соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, мереке баршаға ерекше әсер қалдырды.











