«Рухы мықтылар үшін қолжетімді әлем»
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ- нің қызмет алушы балалары мен қызметкерлері 2024 жылы 4 қазан күні «Рухы мықтылар үшін қолжетімді әлем» атты мерекелік концерттік іс-шара өткізді. Балалар ән айтып, би билеп көтеріңкі көңіл күйде болды. Қызмет алушы балалар мен қызметкерлер «Мерекем», «Жақсы адамдарым» әнін шырқап «Ақ құсым», «Саңырауқұлақ», «Дарите женщинам цветы» билерін биледі. Балаларға тәтті бәліш беріліп, сыйлықтар табысталды. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі-айналасындағы барлық жандарға мейірімін шашып, қамқорлық жасау.
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата – ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын.