Сеңім телефоны:
46-44-12
Сыңғырласын әрқашан балалықтың күлкісі!





2025 жылдың 8 – ші қазан күні №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында мүгедектігі бар балаларды қолдау күніне орай ерекше жылы шара – «Сыңғырласын әрқашан балалықтың күлкісі» атты ертеңгілік өткізілді.
Бұл күн – ерекше күтімді қажет ететін балаларға қамқорлық пен сүйіспеншілікті сезіндіретін, олардың қуанышы мен жарқын күлкісін естуге мүмкіндік беретін мереке. Іс-шара барысында балалар ән айтып, би билеп, түрлі қойылымдар көрсетті. Әрбір сәт жүректі жылытты, көзге қуаныш ұялатты. Біздің мақсат – әр баланың жүрегіне қуаныш сыйлап, олардың қоғамда өз орнын табуына, арман-мақсатына жетуіне қолдау көрсету.











