Сеңім телефоны:
46-44-12
«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»

№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Іс-шара барысында қызмет алушыларға тәуелсіздіктің тарихи маңызы түсіндіріліп, қызмет алушы балалар көмекпен, тәуелсіздікке арналған қолөнер жұмыстарын жасады. Еліміздің жетістіктері мен құндылықтары туралы айтылды. Сонымен қатар патриоттық әндер шырқалды. Біз үшін бұл мереке – ұрпақ санасына отаншылдық рухын сіңіріп, елге деген сүйіспеншілікті арттырудың маңызды сәті.
Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
#тәуелсіздіккүні #16желтоқсан #№4орталық #патриоттықтәрбие #қазақстан#











