«Бейбітшілік – ел тілегі»




1 мамыр – Ынтымақтастық және бірлік күніне орай «Бейбітшілік – ел тілегі» тақырыбында ертеңгілік ұйымдастырылып, өткізілді. Әрбір адамның арманы және әр елдің ең үлкен байлығы. Бейбіт өмір сүрген қоғамда адамдар еркін еңбек етіп, білім алып, өз армандарына қол жеткізе алады. Тыныштық пен татулық бар жерде береке мен бірлік болады. Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – еліміздің басты құндылықтарының бірі. Әр адам бір-біріне құрметпен қарап, достық пен сыйластықты сақтаса, қоғамымыз одан әрі дамып, нығая түседі. Орталықтың қызмет алушылары мен маман, тәрбиешілерімен бірігіп, ән, би түрлі өнерлерін көрсетті. Бейбітшілікті сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бірлік пен татулықты бағалай отырып, біз жарқын болашаққа қадам жасаймыз. Сондықтан «Бейбітшілік – ел тілегі» деген сөздің мағынасы өте терең. Бейбіт елдің болашағы әрқашан жарқын болады.











