«№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ
  • Рус
  • Қаз
  • Мы в FacebookМы в Facebook
    +7 (7262) 46-44-12 uodkz@mail.ru
    • Басты бет
    • Біз туралы
      • Басшы блогы
    • Мемлекеттік сатып алу
      • Жылдық жоспар
      • Ашық тендер арқылы
    • Мемлекеттік рәміздер
      • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
      • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы
      • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
      • Президенті жолдауы
    • Байланыс
    Сеңім телефоны:
    46-44-12
    1. Главная

    Құт, береке, бастауы Наурыз!

    Наурыз мерекесіне орай «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында» ерекше мазмұнға толы, тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күнін ұлықтауға арналған бұл мерекелік кеш ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Іс-шара концерттік бағдарламамен ашылып, өнерпаздар қазақ халқының әндері мен билерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әсем әуен мен мың бұралған би кештің ажарын ашып, Наурыздың шынайы рухын сезінуге мүмкіндік берді.Мерекелік бағдарламаның маңызды бөлігі – келіндер сайысы болды. Сайысқа қатысқан келіндер өздерінің өнерін, шеберлігін, тапқырлығын және ұлттық дәстүрге деген құрметін көрсетті. Олар қазақы салт-дәстүрлерді насихаттап, инабаттылық пен ибалықтың үлгісін танытты. Әрбір қатысушының дайындығы жоғары деңгейде болып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.Іс-шараның қорытынды бөлігінде ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар түрлі ойындарға белсене қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын сынады. Бұл ойындар тек жарыс қана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық мұраны жаңғыртуға бағытталды. Көрермендер де белсенді қолдау білдіріп, ерекше ықылас танытты.Осындай мазмұнды іс-шаралар арқылы ұлттық құндылықтарымыз жаңғырып, жас ұрпақтың бойына рухани тәрбие сіңірілуде. Наурыз мерекесі – бірлік пен татулықтың, мейірім мен жаңарудың символы.Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа құт-береке, ырыс-несібе әкелсін!

    Сеңім телефоны:
    46-44-12
    Отзывы

    © 2018  «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ

    Яндекс.Метрика