«Сыңғырласын әрқашан балалаықтың күлкісі»



“№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы” КММ -де Мүгедектігі бар балаларды қорғау күніне орай «Сыңғырласын әрқашан балалықтың күлкісі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған мерекелік шараның басты мақсаты – орталықтың қызмет алушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, олардың шығармашылық қабілеттерін қолдау, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және әр баланың өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жағдай жасау.
Мерекелік шара барысында орталық қызмет алушылары үшін ерекше көңіл-күй қалыптасты. Балаларға арналған түрлі қызықты бағдарламалар ұйымдастырылып, ән айтылып, би биленіп, шығармашылық қойылымдар ұсынылды. Көптеген қызмет алушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, түрлі шығармашылық нөмірлерімен көрермендерді таңғалдырды. Балалардың сахнадағы әрбір өнер көрсетуі көрермендерге ерекше әсер сыйлап, зор қошеметке бөленді.
Балалардың бойындағы талант пен қабілеттің сан қырлы екені осы мерекелік шара барысында тағы бір мәрте байқалды. Бірі әсем әнімен, бірі мың бұралған биімен, енді бірі өзге де өнерімен көпшілікке қуаныш сыйлады. Әрбір баланың сахнаға шығып, өз өнерін көрсетуі – олар үшін үлкен жетістік әрі өзіне деген сенімділікті арттыратын маңызды қадам.











