«№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ
  • Рус
  • Қаз
  • Мы в FacebookМы в Facebook
    +7 (7262) 46-44-12 uodkz@mail.ru
    • Басты бет
    • Біз туралы
      • Басшы блогы
    • Мемлекеттік сатып алу
      • Жылдық жоспар
      • Ашық тендер арқылы
    • Мемлекеттік рәміздер
      • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
      • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы
      • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
      • Президенті жолдауы
    • Байланыс
    Сеңім телефоны:
    46-44-12
    1. Главная

    «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар»

          7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Әлеуметтік орталықта «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

    Іс-шараның мақсаты – Отан қорғаушыларға құрмет көрсету, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті дәріптеу.

    Мерекелік бағдарлама барысында қатысушыларға Отан қорғаушылар күні туралы мағыналы ақпараттар ұсынылып, патриоттық әндер орындалды, тақырыптық көріністер көрсетілді. Сондай-ақ, әскери қызметтің маңыздылығы, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі азаматтардың рөлі туралы айтылды.

    Іс-шараға қатысушылар мерекелік көңіл-күйге бөленіп, Отан қорғаушыларға деген құрметтерін білдірді. Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер жастардың елжандылық рухын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.

    Барша ер азаматтарды және Отан қорғаушыларды мерекемен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

    Сеңім телефоны:
    46-44-12
    Отзывы

    © 2018  «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ

    Яндекс.Метрика